ЕЧ: Италия Швейцария құрамасын ойсырата жеңді

Футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Италия Швейцария құрамасын ойсырата жеңді.

Алматы, NEGE. Есеп: 3:0. Еске сала кетейік, екі команда да А тобында сынға түсіп жатыр. Матч басынан италиялықтардың басымдығы байқалып тұрды. Алғаш болып гол соққан да солар. Соның ішінде Мануэль Локателли, Чиро Иммобиле мергендік танытты. Швейцария ойыншылары тізгінді өз қолына алуға тырысқанымен, әккі қарсылас адымын аштырмады. Енді үшінші тур ойындары 20 маусымда өтеді. Бұл күні Швейцария мен Түркия, Уэльс пен Италия шеберлік байқасады.

Қазір оқып жатыр

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр