Eagle FC президенті Шавкат Рахмоновқа қатысты ойын айтты

Хабиб Нурмагамедов негізін қалаған Eagle FC лигасының президенті Шамиль Завуров қазақстандық аралас жекпе-жек өнерінің шебері Шавкат Рахмоновтың болашағына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. "Шавкаттың жыл өткен сайын деңгейі өсіп келеді. Оның америкалық промоушендегі болашағы зор. Ең бастысы тоқтамау керек. Шавкатты алғаш рет М-1 лигасының турнирлерінде көзім шалған. Сол кезде-ақ алдағы уақытта мықты спортшы болатынын айтқам. Егер алдына қойған мақсатын жүзеге асырса келесі жылы титулға қол созуы мүмкін", - дейді Завуров Sports.ru сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, Рахмонов UFC лигасында соңғы рет америкалық Нил Мэгниді (26-9) жеңді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды