Дзюдошы Мейірлан Максим әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Мейірлан Максим Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатының келесі айналымына жолдама алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақта Доминикан Республикасының спортшысы Роберт Флорентиномен кездесті.

Белдесу қосымша уақытқа (golden score) дейін созылды. Нәтижесінде Мейірлан Максим тиімді әдіс жасап, «юко» ұпайын еншілеп, жеңіске жетті.

Енді ол әлем чемпионы, жапониялық Гоки Тажимамен 1/4 финалға шығу үшін күреседі.

Қазір оқып жатыр

1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді

Павлодарда ер адам 125 млн теңгенің мүлкі үшін әйелін суға батырып жіберген

Танагөз Толқынқызы қазақ қоғамы туралы жазбасынан кейін полицияға шақыртылды

Александр Машкевичтің қыздары «Еуразиялық банктің» ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды