2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Дзюдошы Дана Әбдірова жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Перу астанасы Лимада дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты басталды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дана Әбдірова финалға дейін жетті. Жартылай финалда қазақстандық спортшы Бразилия өкілі Джиованна Андрадеден басым түсті.

Алайда шешуші белдесуде Дана жапониялық Мио Шираканеге есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.