Дзюдодан Жанарыс Рахметқали Гран-при алтынын иеленді

Загребте өтіп жатқан Гран-при турнирінде Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты, деп жазады Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. 66 келіде белдескен Жанарыс Рахметқали финалда британдық Майкл Фраерді қосымша уақытта жеңді.

Осылайша, Рахметқали өз мансабында алғаш рет Гран- при алтынын иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, дзюдодан Қазақстан командасының үш спортшысы Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Гран-при турнирінің финалына шыққан болатын.

Жартылай финалдық бәсеклерде Шерзод Давлатов (60 келі) франциялық Энцо Джинді, Ғалия Тынбаева (48 келі) венгриялық Ребека Косжегижді, Жанарыс Рахметқали (66 келі) грузиядық Тенго Зиракашвилиді жеңді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді