Дзюдодан гран-при турнирі: Абиба Әбужақынова келесі кезеңге өтті

Португалияда дзюдодан жылдың алғашқы ресми жарысы – Гран-при турнирі басталды, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Алғашқы жарыс күнінде төрт салмақ бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Қазақстан сапынан сынға түскен екі спортшы турнирді аяқтады. 60 келідегі Дәурен Сүйеукенов бірінші белдесуде жапон балуанына есе жіберсе, 66 келідегі Нұрсұлтан Зайзағалиев тыйым салынған әдіс жасағаны үшін жарыстан шеттетілді.

Бір қызығы, белдесу барысында Нұрсұлтан есепте алда тұрған болатын.

48 келідегі Абиба Әбужақынова мен 66 келідегі Жанарыс Рахметқали келесі кезеңге өтті.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты