Дзюдодан әлем чемпионаты: Марат Байқамұров 1/8 финалда Олимпиада чемпионымен белдеседі

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Марат Байқамұров Будапешттегі (Венгрия) әлем чемпионатында келесі айналымға өтті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта кубалық Зали Рамиреспен кездесіп, иппон әдісімен жеңіске жетті.

1/8 финалдағы қарсыласы - Олимпиада чемпионы Әзірбайжан балуаны Зелим Коцоев.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық балуан Нұрлыхан Шархан бразилиялық Леонардо Гонсалвеске есе жіберіп, жарысты аяқтады.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады