Дзюдодан 2025 жылғы әлем чемпионаты: Есет Қуанов олимпиада чемпионына есе жіберді

Дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Есет Қуанов жарысты аяқтады.

ҰОК

Алматы, NEGE. Спортшы 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші айналымнан бастап белдесті.

Оның алғашқы қарсыласы – 2024 жылғы Олимпиада ойындарында аралас командалар жарысында алтын, жекелей сайыста күміс жүлде алған француз Жоан-Бенжамен Габа болды.

Бұл кездесуде Габа Есетті мерзімінен бұрын жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге бір медаль бар. Оны 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова жеңіп алған болатын. Ол әлем чемпионатында екінші орын иеленді.

16 маусымда татамиге Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) мен Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін) шығады.

Қазір оқып жатыр

«Болашақ» бағдарламасы тізімінен Бостон университеті алынып тасталды

Ұлттық қордың 25 жылы: бюджетке алынғаны 205 млрд доллар, қоржында қалғаны 79 млрд доллар

Салмақты тәсіл: тарифтік саясат қалай дамиды?

АҚШ-та білім алатын қазақстандықтар саны сиреген