Дзюдодан 2025 жылғы әлем чемпионаты: Абылайхан Жұбаназар келесі айналымға өтті

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Абылайхан Жұбаназар Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші айналымында жеңіске жетті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта молдовалық Петру Пеливанмен белдесті.

Нәтижесінде Абылайхан Жұбаназар бір ұпай айырмашылығымен жеңді.

Енді қазақстандық балуанның 1/16 финалдағы қарсыласы - бразилиялық Габриэль Фалькао болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта Эсмигүл Куюлова Словения өкілі Кая Кайзерге жол берген болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан терроризм индексінде ең қауіпсіз елдер қатарына кірді

Өскемен ауасын ластағаны үшін «Казцинкке» 20 млн теңге айыппұл салынды

1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді

Павлодарда ер адам 125 млн теңгенің мүлкі үшін әйелін суға батырып жіберген