Дзюдошы Жансай Смағұлов Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады

Дзюдодан 73 келіде сынға түскен Қазақстан командасының мүшесі Жансай Смағұлов үшін Токио Олимпиадасы аяқталды.

Алматы, NEGE. Смағұлов үшінші айналымда канадалық Артур Маргелидонмен кездескен болатын. Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, жеңімпаздар қосымша уақытта анықталды. Бірінші болып «ваззари» ұпайын алған Канада өкілі келесі айналымға өтті. Дзюдодан Қазақстан командасының еншісінде Елдос Сметов еншілеген жалғыз медаль бар. Кеше Ерлан Серікжанов (66 келі), бүгін Жансай Смағұлов (73 келі) жарысты ерте аяқтады.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты