Дзюдошы Зарина Райфова Азия пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында дзюдошы Зарина Райфова күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы, NEGE. Зарина J2 санаты бойынша 70 келіге дейінгі салмақта финалдық белдесуде әлем чемпионы, алаң қожайыны Хуньюй Ванмен белдесіп, 0:10 есебімен есе жіберді.

Зарина А тобындағы бірінші кездесуінде Азия пара ойындарының екі мәрте қола жүлдегері, жапониялық Ацуми Нисимурадан 10:0 есебімен айласын асырған еді.

Осылайша, Қазақстан қоржынына жетінші күміс медаль түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын параспортшы Нұрдәулет Жұмағалидың Қазақстанға бесінші алтынды салғанын жазған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр