Дзюдошы Сұңғат Жұбатқан Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды

Қазақстандық Сұңғат Жұбатқан Душанбеде дзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандық дзюдошы 66 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.

Сұңғат Жұбатқан алдымен Израиль дзюдошысын, екінші айналымда жарыс қожайыны Нұрали Эмомалиді жолдан тайдырды. Дегенмен ширек финалда ресейлік Мурад Шопановқа есе жіберді.

Одан кейін жұбаныш белдесінде ұлыбританиялық дзюдошыны жеңіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Мұнда ол испаниялық Адриан Нето Чинарродан басым түсті.

Бұл – ұлттық құраманың осы турнирдегі алғашқы медалі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр