Дзюдошы Шерзод Давлатов қола жүлде үшін күреседі

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов жастар арасындағы әлем чемпионатынының қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE.   Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұбаныш белдесуінде ресейлік Абу-Муслим Парчиевтен басым түсті. 

Айта кетерлігі, Шерзод Давлатов  жарыстың ширек финалына дейін қарсылас шақ келтірген жоқ. Алайда жартылай финалдық жолдаманы сарапқа саларда отандасымызды грузин балуаны Георгий Сардалашвили тоқтатты. 

Ол енді жарыстың қола жүлдесін жеңіп алу үшін өзбекстандық Камолиддин Бахтиёровпен кездеседі.  

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты