Джулиан Ассандждың әкесі ұлының өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты
«Әскери құпияларды жария еткені үшін ұлымды түрмеде өлтіріп тастауы мүмкін», – деп мәлімдеді Джон Шиптон. Ол мұны қамауда жатқан ұлымен кездесіп келгеннен кейін Daily Mail басылымына айтқан. Оның айтуынша, бұл «шарасыз әкенің жанайқайы емес, нақты жағдайға сүйене отырып келтірілген дәлел» көрінеді.
Бұған дейін Лондон түрмесінде отырған Wikileaks-тің іргестасын қалаушы Джулиан Ассанждың бейнебайланыс арқылы жүргізілген сот отырысы оның денсаулығының нашарлауына орай тоқтатылған еді.