Джулиан Ассанж түрмеден шықты

Лондонның Жоғарғы соты 2019 жылдан бері Лондондағы Белмарш түрмесінде отырған WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанжды кепілмен босату туралы шешім шығарды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол түрмеден босап шыққаннан кейін әйелі мен балалары тұратын Австралияға ұшып кеткен. Бұл туралы WikiLeaks аккаунты X әлеуметтік желісінде хабарлады. 

Ұйым сонымен қатар Ассанждың АҚШ прокуратурасымен мәміле жасағанын растады.

Джулиан Ассанж 2006 жылы құпия ақпаратты жариялауға маманданған WikiLeaks веб-сайтын құрды. 2010 жылы сайтта Ирак пен Ауғанстандағы қақтығыстарға қатысты материалдар жарияланған. Америка Құрама Штаттары журналистке құпия ақпаратты жария еткені үшін 18 бап бойынша айып тақты. Осы айыптар бойынша ол 175 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. 

Қазір оқып жатыр

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ

Алматы облысының билігі Марат Омаровтың анасына зауыт салуға қалай рұқсат берді?

Алматы әкімдігі 800 млн теңгеге жер телімін заңсыз сатып алмақ болған

Өскеменде Жақсылық Омардың ісі бойынша сот отырысы басталады