Джонсон Зеленскийге Ресейге қарсы әскери одақ құруды ұсынды

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Украина президенті Владимир Зеленскийге Ресейге қарсы әскери одақ құруды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE.  Ол саяси, экономикалық және әскери одақтардың жаңа жүйесін құру керектігін мәлімдеді. Премьердің айтуынша, мұндай одақ Еуроодақтың баламасы болуы тиіс және Брюссельдің позициясына наразы елдерді біріктіруі қажет.

Джонсон 9 сәуірде Украинаға барған кезде бұл бастаманы көтерген еді. Оның идеясына сәйкес, ұйымға Украина мен Ұлыбританиядан басқа Польша, Эстония, Латвия, Литва және Түркия кіруі тиіс. Ресми Лондонның пікірінше, жаңа еуропалық достастықты Ұлыбритания басқаруы керек.

Corriere Della Sera басылымының хабарлауынша, Джонсон ұсынып отырған бұл жоба "өзінің ұлттық егемендігін қызғыштай қорғайтын, экономикада либералдылықты ұстанатын және Мәскеудің әскери шабуылына қарсы тұруға бел буған"мемлекеттерді біріктіруге бағытталған.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін