Джон ван ’т Схип Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

Нидерландтық маман Джон ван ’т Схип Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді.

Nege

Астана, NEGE. Бұл туралы ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, ван ’т Схиппен жасалған келісімшарт төрт айға есептелген және мерзімі аяқталды. Екі тарап та жаңа келісім жасасуға мүдделі емес.

«Біз келісімшартты ұзартпаймыз. Құраманы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіне дайындайтын ұзақ мерзімді бапкер іздей бастаймыз», – деді Скотт Манн.

Джон ван ’т Схип Қазақстан құрамасының тізгінін 2026 жылғы 7 тамызда Талғат Байсуфиновтен қабылдап алған болатын. ҚФФ бас хатшысының мәліметінше, нидерландтық маман мен оның алдындағы бапкердің жалақысы бірдей болды.

Ван ’т Схиптің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының С дивизионында алты матч өткізіп, үш ұпай жинады. Команда үш рет жеңіліп, үш рет тең түсті. Нәтижесінде топта соңғы орынға тұрақтады. 

Ұлттық құрама Молдоваға екі рет есе жіберіп, Фарер аралдарымен екі мәрте тең түсті. Сондай-ақ Словакиядан жеңілді. Бұған дейін нидерландтық маман топта бірінші орын алуды мақсат еткен еді.