Джо Байден Украинаға келді (видео)

АҚШ президенті Джо Байден Киевке келді. Осыдан бір жыл бұрын Ресей Украинаға басқыншылық жасаған болатын.

Алматы, NEGE. Бұл Америка президентінің өкілеттілігі басталғалы бергі Украинаға алғашқы сапары. 

«Сіздің сапарыңыз Украина халқы үшін қолдаудың өте маңызды белгісі болды», - деді Украина президенті.

Владимир Зеленский мен Джо Байден тоғыз жыл соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған мемориалға барды.

Америка президентінің сапары алдын ала белгіленбеген. Сонымен қатар Ақ үй оны ұйымдастырудың шындыққа жанаспайтынын бірнеше рет мәлімдеген болатын. Олар соғысып жатқан елде президенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес екендігін алға тартып келген болатын. 

Желіде Байденнің Киев көшелерінің бірінде серуендеп жүрген видеосы тарап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады

Назарбаев университеті пәтерінде табылған қару-жарақ: қылмыстық іс қозғалды

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы «Дикий Арманмен» дос болғанын растады