Джо Байден көмекшісінің мықынына қол жүгірткен бе?

Биыл қарашаның 3-інде АҚШ-та президенттік сайлау өтеді. Бәйге қызып жатыр. Тегеурінді кандидат Джо Байден Трампты тоңқалаң астыруы әбден мүмкін. Алайда Байденге қатысты тағы бір айыптау пайда болды.

Алматы, NEGE. The New York Times газетінің жазуынша, Джо Байденнің бұрынғы көмекшісі Тара Рид сонау 1993 жылы Байден Делавэр штатынан сайланған сенатор кезінде Сенаттың тар дәліздерінің бірінде рұқсат сұрамастан мықынынан қысып, бетінен сүйіп алғанын айтты.

Осы оқиғадан кейін Тара Рид бірден шешесіне хабарласып, полицияға арыз жазған. Келіншектің айтуынша, осыдан кейін Байден оны қудалап, жұмыстан қуып жіберген. Алайда журналистер келіншектің арызын таба алмапты. Анығында, әлдебір арыз болған. Бірақ онда Байденнің аты-жөні аталмайды.

Байденнің командасы бұл айыптауды «қарсыластардың лас шабуылы» деп бағалап, «бәрі жалған» деп отыр.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты