Джо Байден АҚШ президенті атанды

Демократиялық кандидат Джо Байден АҚШ президенті болып сайланды, деп хабарлайды CNN телеарнасы.

Алматы, NEGE. 3 қарашада басталған сайлаудың қорытындысы бойынша, демократ Джо Байден жеңіске жетті.

Басылымдардың мәліметінше, Байден сайлауға қажетті 270 сайлаушының дауысын жинаған. Болжам Пенсильваниядағы жаңа мәліметтер аясында жаңартылыпты, онда Байден Дональд Трамптан алшақтықты 31 мың дауысқа дейін арттырған.

Алайда Пенсильвания мен басқа да бірқатар штатта ресми түрде дауыстарды санау аяқталған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті