Джо Байден президенттік сайлауға қатысудан бас тартты

Джо Байден АҚШ-тың президенттік сайлауына түспейді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Тиісті хат президенттің Twitter-дегі аккаунтында пайда болды.

Фото: twitter

Сондай-ақ, ол президенттік сайлаудан бас тартқанымен, оның президенттік лауазымында мерзімінің соңына дейін қалатыны хабарланды.

Бұған дейін америкалық БАҚ ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, Джо Байден президенттік сайлаудан кететін болса, Демократиялық партия вице-президент Камалла Харристі кандидат ретінде ұсынуы мүмкін екенін жазған болатын.