Джо Байден Қазақстанға жалған ақпаратпен күресуге 4,5 миллион доллар бөлген – Ақ үй

Дональд Трамп әкімшілігінің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденнің командасын ел бюджетін ысырап етуге жол берді деп айыптады. Оның ішінде Қазақстандағы жобаларды қаржыландыруға кеткен шығындарды да атап өтті. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролин Ливитттің айтуынша, демократтар Солтүстік Каролина мен Калифорниядағы апат құрбандарына қаржылай көмек көрсетуге асықпағанмен, салық төлеушілердің ақшасын «Гватемаладағы жыныс ауыстыру» бағдарламасына жұмсаған.

Сонымен қатар, Байденнің кезінде АҚШ «Қазақстанда жалған ақпаратпен күреске» де қаражат бөлген. 

«Иракта жаңа шоу ашуға 20 миллион доллар, ал Қазақстанда «жалған ақпаратпен күреске» 4,5 миллион доллар бөлінген. Сонымен қатар Мысырда туризмді қаржыландыру үшін қаражат бөлген», – деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы.

Американың әрбір салық төлеп отырған азаматы қаражаттың «игі істерге» жұмсалғанын қалайды, деді Трамптың баспасөз хатшысы.

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ