Джей Ло мен Backstreet Boys концерттері мейрамханалардың саудасын 11%-ға дейін арттырды

Ұлттық банк Джей Ло мен Backstreet Boys концерттері мейрамханалар мен дәмханалардың саудасын 11 пайызға дейін арттырғанын анықтады.

jlo/Instagram

Астана, NEGE. Ұлттық банк халықаралық деңгейдегі мәдени шаралардың ел экономикасына ықпалын бағалады. Бағалау нәтижесі бойынша Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys концерттері Астана мен Алматыдағы тұтынушылық белсенділіктің өсуіне әсер еткен.

«Алынған бағалауларға сәйкес, әлемдік деңгейдегі орындаушылардың концерттері тамақ қызметі саласындағы алшақтықтың әртіс пен қабылдаушы қалаға қарай 5-11 пайыз аралығында артуына әкелді. Ең айқын әсер Астана қаласында байқалды: концерттердің өтуі қоғамдық тамақтану қызметтері көлемінің алшақтығын шамамен 8,4 пайызға арттырды. Астана қаласында өткен Backstreet Boys концертінің әсері қызмет көлемі бойынша да, бөлшек саудада да біршама жоғары болды. Сонымен қатар бұл концерт өткен кезеңде Астана қаласында өзге де бұқаралық іс-шаралардың (Astana Finance Days) қатар өткенін ескеру қажет. Бұл қоғамдық тамақтану нарығындағы жергілікті белсенділікті қосымша арттырған болуы мүмкін», – деп жазылған құжатта.

Жүргізілген талдау жаппай мәдени іс-шаралардың жергілікті тұтынушылық белсенділікке, әсіресе қоғамдық тамақтану секторында, статистикалық тұрғыдан оң әсер ететінін көрсетті.

Бөлшек саудаға ықпалы мардымсыз. Бұл бөлшек тауарларға жұмсалатын шығыстардың қысқамерзімді импульстерге төмен сезімталдығымен байланысты болуы мүмкін. Себебі азық-түлік емес тауарларды сатып алу көбіне алдын ала жоспарланады және мәдени іс-шараларға қатысуға тікелей байланысты емес.

Алынған нәтижелер сондай-ақ тұтынушылық белсенділіктің мұндай қысқамерзімді серпіні баға өзгерістеріне де жергілікті деңгейде әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді, алайда бұл болжам қосымша зерттеуді талап етеді.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты