Джей Ло концерті Алматыға 10 млрд теңгеден астам табыс әкелді

Алматыда өткен америкалық әнші Дженнифер Лопестің концертіне 27 мың көрермен қатысты. Оның ішінде 35 елден арнайы келген 7 мың шетелдік қонақ болған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алдын ала есеп бойынша, шарадан бюджетке түсетін салық көлемі 600 миллион теңгеге жуықтайды, деп хабарлады қала әкімдігі.

Мәліметке сүйенсек, шетелдік туристер Алматыда орта есеппен үш жарым күн аялдап, тәулігіне 440 доллар шамасында қаржыны қонақүй, тамақ, көлік, экскурсия және саудаға жұмсаған. Тек концерт өткен күні олардың шығыны қалаға 5 миллиард теңгеден астам пайда түсірген. Сонымен қатар, стадион аумағындағы фуд-корт бір күнде 15 миллион теңге табыс тапқан. Туризм басқармасының есебі бойынша, жанама кірістерді қоса есептегенде, концерттен Алматы экономикасына түскен жалпы табыс айналымы 10 миллиард теңгеден асқан.

— Мұндай мәдени іс-шаралар қала қазынасына қомақты кіріс әкеліп қана қоймай, Алматының туристік тартымдылығын арттырады. Сондай-ақ, мегаполисті әлемдік гастроль картасындағы маңызды орталық ретінде нығайтады, — деп хабарлады әкімдік.

Қазір оқып жатыр

Жаһандық саммит аясында Мәжіліс спикері екіжақты кездесулер өткізді

Қаракемердің балаларын шыр айналдырған не қара күш?

ШҚО-да кәсіпкер әлеуметтік тауарды 127% үстемемен өзіне-өзі қайта сатқан

Сыртқы істер министрлігі қажылық алдында ықтимал қауіптер жөнінде ескертті