Джеки Чан өліп қала жаздады

Әйгілі актер Джеки Чан түсірілім барысында өліп қала жаздапты. Бұл туралы

The Straits Times жазды.

Алматы, NEGE. 65 жастағы актер фильмдерінде әлі күнге дейін өзі ойнайды. Дублер пайдаланбайды. «Авангард» деп аталатын қытай фильмін түсіру барысында Джеки суға батып кете жаздаған.

«Аяқ астынан зәрем кетті. Бұрын мұндай болмайтын. Буын-буыным босап сала берді. Өліп кетуім оп-оңай еді» дейді Джеки Чан.

 

Оқиға былай болған: асау өзенде қайықпен жүзіп келе жатып атысатын тұсында Джеки суға құлап кеткен. Әріптестері оны әупіріммен құтқарып алыпты. Режиссер Стенли Тун тіпті жылап жіберген. Джеки де жігіт қой, әріптестерін жұбатып, әрі қарай фильмге түсуді жалғастыра беріпті.

«Афангард» фильмі 2020 жылдың 25 қаңтарында прокатқа шығады.   

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады