БАҚ: Джеки Чан ауыр халде ауруханаға түсті

Қытайдың аты аңызға айналған актері Джеки Чан 25 желтоқсанда Шанхайдағы Лин Шан ауруханасына түсті. Бұл туралы ресми мәлімдеме жарияланбады, десе де БАҚ-та актердің денсаулығына қатысты ақпарат тарап жатыр.

Алматы, NEGE. Расталмаған ақпарат бойынша, актердің жағдайы ауыр, дәрігерлер оған барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Джеки Чанның ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама қытайлық әлеуметтік желілерден өшіріліп жатыр. Сонымен қатар, ақпаратты бөліскен желі қолданушыларының аккаунттары бұғатталуда. 

Әзірге актердің жағдайы туралы ресми ақпарат жоқ. Джеки Чанның отбасы мен достары оның денсаулығына қатысты пікір білдірмеді. 

Сондай-ақ Балқанда түсірілім кезінде актер басынан ауыр жарақат алды деген ақпарат бар.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді