Джек Ма жоғалып кетті

Қытайдағы аса бай адамдардың бірі, миллиардер Джек Ма біраз уақыттан бері көрінбей кетті. Батыс басылымдарының жазуынша, Джек Маның жоғалуы Қытай Коммунистік партиясының кейбір компанияларды ұлттандыру жоспарымен байланысты болуы мүмкін.

Алматы, NEGE. Джек Маның Alibaba Group деп аталатын аса ірі интернет-компаниясы бар. Міне, осы алпауыт компанияны Қытайдың компартиясы ноқталап алғысы келеді.

Жуырда Компартияның ресми рупоры «Жэньеминь Жибао» басылымы «компартияның антимонополистік жоспары жақсы іске асып жатқанын, жұмыс бұдан әрі де күшейе беретінін» жазған.

Джек Маға тиесілі компанияларды тексеру өткен жылдың соңында басталған. Іле-шала миллиардердің өзі де көзден таса болды. Туиттер әлеуметтік желісінде ол соңғы рет 10 қазанда жазыпты. Қаңтар айында африкалық кәсіпкерлермен кездесуге де келмей қалған.

Джек Ма қайда кетті сонда? Ол Қытай билігінен жасырынып жүруі мүмкін. Қолы ұзын Қытай компартиясы миллиардерді қамап тастауы да ғажап емес.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды