Джек Ма мәртебесінен айырылды

«Alibaba» негізін қалаушы Джек Ма Қытайдағы ең бай адам мәртебесінен айырылды, – деп хабарлайды Business Today.

Алматы, NEGE. Оны бөтелкедегі су өндіретін Nongfu Spring компаниясының негізін қалаған Чжун Шаньшан басып озды.

Қытайда бөтелке су өндіретін ең ірі Nongfu Spring компаниясының негізін қалаушы  Чжун Шаншань қазіргі уақытта Азиядағы екінші бай адам саналады. Ол Reliance Industries Ltd (RIL) бас директоры Мукеш Амбаниден кейін тұр. 

Bloomberg Billionaires Index индексіне сәйкес, Шаньшанның байлығы - 58,7 миллиард доллар. Қазіргі уақытта ол америкалық Фил Найт пен Чарльз Кохтан сынды миллиардерлерді озып, ең бай адамдардың жалпы тізімінде 17-ші орынға ораналасты.

Ал жағдайы 56,7 миллиард долларға бағаланған Джек Ма Қытайдың бай адамдарының рейтингінде екінші орынға түсті.

Қазір оқып жатыр

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды