Джефф Безос президент сайлауынан кейін 10,5 млрд долларға байып кетті
Forbes Real-Time рейтингі бойынша, АҚШ президенті сайлауынан кейінгі бірінші күні әлемдегі ең ауқатты он адамның байлығы 34,4 миллиард долларға өскен, – деп хабарлайды РИА Новости.
Алматы, NEGE. 4 қарашадағы сауда-саттық нәтижелері бойынша рейтингте бірінші тұрған Amazon басшысы Джефф Безостың жағдайы басқаларға қарағанда көбірек өскен. Ол 10,5 миллиард долларға байып, жағдайы 190,6 миллиард долларға жетті.
Facebook басшысы Марк Цукерберг (тізімдегі төртінші орын) сегіз миллиардқа, жалпы 105,5 миллиард долларға дейін байыды. Үндістанның Reliance Industries холдингінің иесі Мукеш Амбанидің (рейтингте 10-шы орын) байлығы 4,1 миллиард долларға өсіп, ал жағдайы 74,2 миллиард долларға жетті.
Алайда топ-10-ға кіретін үш миллиардер байлығын арттыра алмады: Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск 547 миллион долларын жоғалтты, ол рейтингтің бесінші қатарында, алтыншы орында тұрған инвестор Уоррен Баффет 291 миллионнан айырылды, ал Oracle негізін қалаушы Ларри Эллисон (сегізінші орын) - 379 миллион доллардан.