Джастин Бибер аты жаман ауруға шалдыққан ба?

Канадалық әнші Джастин Бибер аты жаман Лайм деген дертке шалдыққан. Бұл жайлы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

Алматы, NEGE. «Көптеген адамдар менің түріме қарап, Джастин Бибер метамфетаминге отырыпты, түрі адам көргісіз деп жатыр. Олар, бірақ, жуырда ғана менде Лайм дерті бар деген диагноз шыққанын, одан басқа, мононуклездің асқынған түріне шалдыққаннан ми жұмысы бұзылып, әлсірегенімді, терімнің өзгергенін білмеген соң, есірткі қолданады екен деп сөз қыла береді», – деп ағынан жарылды.

Ол өзінің екі жыл бойы азапты өмір кешкенін, дұрыс емнің арқасында енді ғана түзеліп келе жатқанын айтып, тағы да сахнаға шыққысы келетінін жасырмайды.

«Лайм дерті» деген ауру – кененің уы арқылы тарайтын ең қауіпті бес түрлі бактериядан тұратын дерт. Аурудың сипаты – бас ауруы, дене қызуы, өздігінен шаршап-шалдығу және теріде түрлі дақтардың пайда болуымен білінеді. Уақтылы және дұрыс емделмесе, шалдыққан кісі өліп кететін дерт.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен