Душанбеде коронавирус жұқтырғандарға уақытша аурухана дайындалады

Душанбе мэрі Рустам Эмомали ел астанасында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге арналған үш мың орындық уақытша аурухана дайындауға бұйрық берді.

Алматы, NEGE. Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Рустами Эмомали аурухананы кәсіби қызметкерлер мен медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырған.

Ақпаратта инфекциялық аурухананың қай жерде орналасатыны айтылмаған.

Тәжік билігі 3 мамырда 128 адам вирус жұқтырғанын, екі науқастың көз жұмғанын мәлімдеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары елдегі эпидемиологиялық жағдайға баға беріп, коронавирустың жаңа түрінің таралуының алдын алуына көмектесу үшін Тәжікстанға келген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?