«Дұрыс қызмет көрсетпегені үшін» жезөкшелерді сотқа беруге болады
Өткен аптада Австралияда секс-сауданы барлық қырынан алғанда да қылмыстық жауапкершілікке тартпайтын жаңа заң жобасы қабылданды. Бұдан былай сутенерлер мен клиенттер «толық қызмет көрсетпегені» немесе келісімнен бас тартқаны үшін жеңіл жүрісті әйелдерді сотқа бере алады. Бұл туралы The Telegraph хабарлады.
Алматы. NEGE. Бірақ бұл жайт бәріне бірдей ұнамайтын секілді. «Секс-сауданы жақтаушылар былай дейді: легализация жезөкшеліктің астыртын әрекеттерге көшуіне жол бермейді, кәмелет жасына толмаған қыздардың тартылуына жол жабылады, адам саудасын қысқартады. Егер жезөкшелікті «секс-қызмет» деп алсақ, онда, сатып алушылар «клиент», сутенерлер «менеджерлер» болып шығады. Бұл жексұрын, сұрқия, адам қанайтын сауда лезде ақталмақ», – дейді мақала авторы Джули Биндел.