Дүниежүзілік банк Украинаға 1,5 млрд доллар көлемінде қаржы бөледі
Дүниежүзілік Банктің атқарушы кеңесі Украинаға 1,49 миллиард доллар көлемінде қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алматы, NEGE. Жаңа транш – бұрын бекітілген 2,5 миллиард доллар көлеміндегі транштың бөлігі. Жалпы, Дүниежүзілік банк Украинаға 4 миллиард доллар көлемінде қаржылай көмек көрсетпек.
Бұл қаражат мемлекеттік және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалады.
Бұған дейін Дүниежүзілік банк әлемдегі азық-түлік дағдарысын еңсеру үшін алдағы 1,5 жылда 30 миллиард доллар шығындайтыны хабарланған болатын. Жақын арада оның 12 миллиард доллары бөлінеді. Бұл қаражат ауыл шаруашылығы саласына, азық-түлік бағасының көтерілуінің салдарымен күрес жүргізу жобаларына бағытталады.