Дүниежүзілік банк кәсіпкерлікті дамытуға 11 млн доллар бөлді

Тәжікстанда жаңа кәсіп ашатындарға арналған бағдарлама басталды. Кәсіпкерлерге қаржылай көмек беріледі.

Алматы, NEGE. Бағдарлама 30-ға дейінгі жастарға, сонымен бірге мүгедек әйелдерге арналған. Шағын кәсіп ашқысы келгендерге 50 мың сомони ($4,8 мың) несие беріледі. Дүниежүзілік банк осы бағдарламаға 11 млн доллар бөлді. Жобаны "Пешсаф" үкіметтік емес ұйымы жүргізеді. Ұйымның үйлестірушісі Ахмед Охуновтың айтуынша, кәсіп ашқысы келгендер бизнес-жоспар өткізуі тиіс.

«Несиені 2-4 жылда қайтару керек. Жылға шаққандағы өсімі - 24-26 пайыз. Несие сомонимен беріледі», – деді ол. Ұйым өкілінің айтуынша, жоба аясында бір мыңнан астам кәсіпкерге несие беріледі.

Қазір оқып жатыр

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды

«Тозаққа айналады»: Трамп Иранға 48 сағат уақыт берді

Танакөз Толқынқызының үстінен іс қозғалмайды

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды