Дүниежүзілік банк әлем экономикасына қатысты болжам жасады

Биыл әлем экономикасы былтырғы құлдыраудан кейін 4 процентке өсуі мүмкін. Дүниежүзілік банк осылай деп болжам жасап отыр.

Алматы, NEGE. Бірақ сарапшылар оның бірқатар мәселеге тәуелді екенін айтады. Мысалы, коронавирус індетінің таралуы жалғасып, халықты вакциналау жеделдетілмесе, даму 1,6 процентке қысқаруы мүмкін. Індеттен миллиондаған адам кедейленгендіктен экономикалық белсенділік те төмен болмақ. Ал ресми дерекке қарағанда өткен жылы әлем экономикасы 4,3 процентке төмендепті. Мамандар бұл 1945 жылдан кейінгі ең үлкен құлдырау деп отыр. Ол кезде әлем экономикасы 9,8 процентке қысқарған екен.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?