Дулат Исабековтың құшағында жатқан Айгүл Иманбаева сөзге қалды

Танымал актриса Айгүл Иманбаева желіге белгілі жазушы Дулат Исабековпен бірге түскен видеосын саламын деп, жұрттың сынына қалды. Желідегі жұрт оның әкесімен жасты адамның құшағында жатқанын жақтырмаған.

Алматы, NEGE. «Айгөлек-ау тап осылай қапсыра құшақтамаяқ жақсы көруге болмайма осы?», «Мынау енді тіптен ерсі көрінеді екен», «Әкемізге де осылай асылып еркелемеппіз, төсімізді тигізіп әкемізге», «Ұят екен», «Туысқаның емес.Бұлай құшақтау ерсі!» деп жазды олар.

Актрисаның өзі болса осы әрекетімен жазушыға деген сағынышын жеткізгенін атап өткен.

«Жалпы,  адам баласы басқа адамның бойынан нені көргісі келсе соны көреді. Мені Дулат ағаммен қандай күш байланыстырып тұрғанын бір Аллам және ет жақындарым біледі. Дулат ағама барып мауқымды басып қайттым. Ағау Алладан амандығыңызды тіледім», - деп қысқа қайырды ол.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?