Дулат Бекбауов Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Бүгін Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында Азия чемпионатының алғашқы жекпе-жектері өтті. 

Instagram/boxingkazakhstan

Алматы, NEGE. ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 67 келіде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов 1/8 финалда Тайпей спортшысы Джиа-Джун Чиуан Вангпен қолғап түйістірді.

"Бойы қарсыласынан қарағанда ұзын жерлесіміз айқасты қашықтықтан бақылап, алға ұмтылған Тайпей өкілінің қателігін тиімді пайдаланды. Есеп: 5:0", – делінген ресми хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін жарыс бастала салысымен Қазақстан боксшылары алты медальға таласу құқығына ие. 

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен