Дүкеншіні алдап, 17 мың теңге шығынға батырған

Қарағанды облысында дүкеншіні алдап, дүкеннен 30 қорап темекі ұрлағап кеткен ер адам анықталды, – деп хабарлайды

Polisia.kz.

22 шілдеде Теміртау ПБ Ескі қала полиция бөліміне 51 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Оның айтуынша, оған тиесілі дүкеннен бетін бетпердемен бүркемелеген белгісіз біреу сатып алам деп сылтауратып, 30 қорап (пачка) темекіні алдап алып кеткен. Шығын – 17 000 теңге. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері 30 жастағы күдіктіні анықтады және ұстады. ҚР ҚК 190-бабы “Алаяқтық” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді