25 сентября 2022 г. 9:45
Дүкеннен екі ай бойы алкогольді ішімдік ұрлап жүрген күдікті ұсталды
Алматы, NEGE
. Ақтау қаласының тұрғыны супермаркет желілерінің бірінен алкогольді ішімдіктердің ұрланғаны бойынша полицияға арызбен жүгінген, деп хабарлайды polisia.kz.
Арызданушының айтуынша, тамыз-қыркүйек айлары қатарынан дүкеннен қымбат спирттік ішімдіктер ұрланған. Жәбірленушіге келген шығынның жалпы сомасы 200 мың теңгеден асады.
Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басы анықтап, ұстады. Ұры 36 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған іске қатысты «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.