Дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған жігіт ұсталды

20 жастағы қарағандылық қарақшылық шабуыл жасағы үшін жауапқа тартылып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 21 маусым сағат 20.00 шамасында Қарағанды қаласының 36 жастағы тұрғынынан Абай аудандық ПБ Топар полиция бөліміне арыз түсті. Ер адамның айтуынша, белгісіз біреу медициналық бетпердемен бетін жауып, ауданның ауылдарының бірінде орналасқан дүкенге кіріп кеткен.

Шабуылдаушы сатушыны қорқытып, ақшаны, алкогольдік ішімдіктер мен темекілерді ашық түрде иемденіп, содан кейін қашып кеткен.

Осы қылмысқа күдікті ретінде жедел-тергеу тобының қызметкерлері 20 жастағы жігітті анықтады.ҚР ҚК 191-бабы “Қарақшылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

Қазақстандық салымшы зейнетақы шотынан ақшасы жоғалып кеткенін айтып, шағымданды

Тоқаев боксшы Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті жеңісімен құттықтады

Түркістан облысында тұрғындар Қызыл кітапқа енген қызғалдақты көлікпен таптаған