Дүкен сөрелерінде темекіні ашық сатуға тыйым салынады

Қазақстандықтар енді дүкендерде темекі көрмейді. Бірінші шілдеден бастап күшіне енетін жаңа ережелерге сәйкес, сату орындарында темекі өнімдерін орналастыруға және ашық көрсетуге тыйым салынады.

Алматы, NEGE.  Сонымен бірге витриналарда темекі өнімдерінің жарнамасы болмайды. Мұндай өзгерістер темекі шегушілердің санын азайту үшін енгізілуде.

Бір қызығы, сатылатын темекінің тізімі параққа мәтін түрінде орналастырылуы керек. Әріптер ақ параққа қара түсте жазылуы тиіс. Тізім әліпбилік тәртіппен, қандай да бір бейнелерсіз бағаны көрсете отырып жасалады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда темекінің ең төменгі құны 500 теңгені құрайды. 1 шілдеден бастап ол 520 теңгеге дейін көтеріледі. Және әр алты ай сайын өседі. Бұл акциздерге мөлшерлеменің өсуіне байланысты. Егер қазір ол мың дана үшін 11 100 теңгені құраса, 2024 жылға қарай ол 18 мыңға дейін өседі.

Былтырдың өзінде қазынаға темекі өнімдеріне акциздерден 220 миллиард теңге түсті. Ал биыл жыл басынан бері – 107 миллиард теңге.

Қазір оқып жатыр

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды