Дүйсенова әйелдердің зейнет жасын қысқарту мәселесі қаралып жатқанын мәлімдедіі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын қысқарту мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE. «Маған «Қазақстан әйелдері қозғалысының» өкілдері келді. Олар өз ұсыныстарын біз өз ұсынысымызды айттық. Біздің ұсынысымыз оларға да ұнады, сондықтан біз қазір жұмыс тобында жұмысты жалғастырып, есеп-қисап жүргізіп жатырмыз. Әрбір әлеуметтік қолдауға ақша қажет екенін білесіздер. Біз тайм-аут алып, есептеп көрейік, қай нұсқа ең қолайлы болатынын қарастырайық. Біз неғұрлым қолайлы нұсқаны шешкеннен кейін, біз осы әйелдермен бірге шығып, ақпарат береміз», - деді Тамара Дүйсенова.