Дуглас Фишер: «Канелоның» қалтасын Головкиннен басқа ешкім қампайта алмайды»

The Ring журналының бас директоры Дуглас Фишер қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен басқа бірде-бір боксшы Сауль Альвареске үлкен «ақша» әкелмейтінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. «Канелоның» бір жекпе-жегі үшін 35 миллион доллар төлемін ақтауға көмектесетін Головкиннен басқа боксшы бар ма? – DAZN-ге көмектесе алатын боксшылардың арасында ондайы жоқ. Тіпті Канело мен GGG-дің үшінші жекпе-жегі АҚШ-тағы коронавирус пандемиясына байланысты экономикалық климатты ескере отырып, Альварестің кепілдендірілген төлемін ақтайды және жабады деуі факт емес. Париматч букмекерлік кеңсесінің ықтимал үшінші жекпе-жегіне мынадай коэффициенттер ұсынылады: «Канелоның» жеңісі – 1.53, Головкиннің жеңісі – 2.4, тең ойын – 19. Бірінші жекпе-жек дау-дамаймен аяқталса, екіншісі судьялардың көпшілік даусымен Альварестің жеңісі деп есептелді.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты