Дудьтің үстінен әкімшілік іс қозғалды

Ресейлік журналист Юрий Дудьтің үстінен әкімшілік іс қозғалды

Алматы, NEGE. Агенттік мәліметі бойынша, істің сотта қаралатын уақыты әлі нақтыланбаған. Блогерге бір жарым миллион рубльге дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Дудьтің бағдарламаларын тексеру туралы өтінішті полицияға «Лига безопасного интернета» ұйымы түсірген. Сарапшылар оның блогер Иван Гай мен рэп-орындаушы Моргенштерннен алған сұхбатында есірткіні насихаттау болғанын айтады.

Айта кетейік, жақында Моргенштерн де осындай іске қатысты болған еді. Сот оның екі әнінде есірткі насихатталды деп шешіп, Моргенштернге жүз мың рубль айыппұл салған еді.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде