Дубайда жасанды интеллектімен басқарылатын рельссіз трамвай таныстырылды

Дубай жолдар және көлік басқармасы әмірлікте өткен жаһандық технологиялық көрмеде жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған рельссіз трамвайды таныстырды, деп хабарлайды БЕЛТА. 

tabnak.ir

Алматы, NEG. - Жаңа көлік түрі теміржол инфрақұрылымынсыз белгіленген бағыттармен автономды түрде жүре алады, - деп жазады Tabnak басылымы.

Мұндай трамвайды пайдалану жолдағы көлік кептелісін азайтып, қалалық өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Рельссіз трамвай – көрмеде таныстырылған зияткерлік көліктің 11 жобасының бірі. Бұл инновациялар Дубайдың қалалық көлік саласында озық технологияларды дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр