Дубайда әлем бойынша ең биік екінші алып ғимарат салынады

Azizi Developments Дубайда 725 метрлік "Бурдж-Азизи" зәулім ғимаратын салуды жоспарлап отыр, ол "Бурдж Халифтан" кейінгі әлемдегі екінші ең биік ғимарат болады. 

ғаламтордан

Әлем, NEGE. Ақпарат туралы компания өз интерненет желісінде жариялады.

"Бурдж-Азизи" ғимараты жоспар бойынша Шейх Зайед жолында орналасып, құны 1,63 миллиард долларға бағаланған. Құрылыс жұмыстары 2027 жылы аяқталады деп болжануда.

Ғимаратта сауда орталығы, жоғары деңгейлі резиденциялар мен пентхаустар, кафелер мен мейрамханалар, жеті жұлдызды қонақ үй және "бақылау орны"орналасады.

Биіктігі бойынша "Бурдж-Азизи" зәулім ғимараттар арасында Дубайда орналасқан 828 метрлік "Бурдж-Халифадан" кейін екінші орын алады. Әйткенмен, жаңа ғимарат қазір екінші орын алып тұрған Куала-Лумпурдағы 679 метрлік Merdeka 118 мұнарасынан асып түсетін болады.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты