Дубайдан ұшып келген 4 жолаушыдан коронавирус табылды

8 ақпанда халықаралық авиарейспен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.

Алматы, NEGE. 8 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Қырғызстаннан 9 халықаралық әуе рейсі келді. 1 252 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 1 060 адам, анықтамасыз - 192 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 800 жолаушы, анықтамамен - 626, анықтамасыз - 174;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 310 жолаушы, анықтамамен - 295; анықтамасыз - 15; -

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 135 жолаушы, анықтамамен - 132; анықтамасыз - 3;

- Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 7 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтуде.

7 ақпанда анықтамасыз келген 762 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижесі бойынша Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады