Дубайдан тағы бір рейс ұшып келеді

Бүгін Дубайдан 168 адам қайтып оралады. Олар Қапшағай қаласының маңындағы демалыс орындарының біріне екі күнге карантинге жатқызылады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Оларға демалыс орнының аумағынан тыс жерге шығуға тыйым салынады. Карантин кезінде олар барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етіледі. Олардың сыртқа шықпауын арнайы күзет бақылайды. 
Жолаушылардан облысқа келген бетте  COVID-19 инфекциясына анализдер алынып, эпидемиологиялық тексерулер жасалады. Тексеру нәтижелеріне сәйкес олар арнайы автоубстармен  тұрғылықты жерлері бойынша жеткізіледі. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?