Дубайдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды
2021 жылдың 12 ақпанында елімізге халықаралық авиарейстермен 1 945 адам оралды. 12 ақпанында ел аумағына Ұлыбритания, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлады Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Алматы. NEGE. 1 945 әуе жолаушыларының ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-тест анықтамасымен 1 639 адам, анықтамасыз 306 адам келді. Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 169 жолаушы, анықтамамен - 939, анықтамасыз - 230;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 732 жолаушы, анықтамамен - 656; анықтамасыз - 76;
- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 44 жолаушы анықтамамен келген. Анықтамасы жоқ ел азаматтары COVID-19-ға ПТР-тест тапсырып, карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Ал 11 ақпанында шетелден анықтамасыз 425 жолаушы оралған болатын. «Оның ішінде Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды», - деп жазылған хабарламада.