Дубайдан келген 3 адамнан вирус анықталды

Шетелден ұшып келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды

Алматы, NEGE. 2020 жылғы 17 желтоқсанда ПТР анықтамасыз ұшып келген 3 қазақстандықтан COVID-19 анықталды. 2020 жылғы 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Румыния, Қытай, Грузия, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді. 2561 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2351 адам, анықтамасыз 210 ҚР азаматы келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 641 жолаушы, анықтамамен – 1 513, анықтамасыз - 128; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 789 жолаушы, анықтамамен - 707; анықтамасыз - 82; Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 44 жолаушы анықтамамен келді; Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 47 жолаушы анықтамамен келді. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2020 жылдың 17 желтоқсанында анықтамасыз келген 378 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 3 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?